Accessibility links

Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін шамамен бес ай өткен соң ҰҚК-ны реформалау туралы жарлыққа қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

20 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Оған сәйкес, президенттің 15 жарлығына түзетулер енгізілген.

"ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды" деп жазылған ведомство хабарламасында.

ҰҚК-ны реформалау туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланған жоқ. "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланған құжатқа сәйкес, негізінен бұрынғы президент қол қойған жарлықтар өзгерген. Ақпан айында комитет ҰҚК органдарының "жұмысын бағалап, құрылымы мен міндеттерін жетілдіруді көздейтін жұмыс тобы" құрылғанын хабарлаған. Оған Шекара қызметі мен "А" арнайы тағайындау қызметінің өкілдері де кірді деп айтылған.

Қаңтар оқиғасы кезінде елде ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен ұсталғаннан соң бірнеше күннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоның "қызмет форматын өзгертуді" тапсырған.

Ол наурыз айында халыққа жолдауында Қаңтар оқиғасы кезінде "мемлекетке опасыздық жасаған жоғары лауазым иелері арасында әскери және арнаулы органдар басшылары болғанын, олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтіріп, аемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат бергенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG