Германия канцлері Олаф Шольц НАТО елдері Ресеймен тікелей қақтығыспауға тырысады. Бірақ Путиннің айтқанына көнбейді, айдауына жүрмейді деді бүгін Давос конференциясында. Осы тұста неміс басылымдары Германия Украинаға ауыр қару-жарақ беруге құлықсыз екенін мәлімдеді. Украина болса, қуатты қарусыз Ресей басқыншылығына төтеп берудің қиындап бара жатқанын айтады.