5 маусымда Азаттық тілшісі Қазақтаннның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жеріне барып, референдумның қалай өтіп жатқанын бақылады. Референдумға келген адамдарға конституциядан "елбасы" мәртебесін алып тастағанға қалай қарайтынын сұрады.