"Балам неге әскерде жүріп ақша сұрай берді?" Сарбаздың өлімін туыстары "суицид емес" дейді
Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты әскери бөлімде қаза тапқан түркістандық сарбаз Еділ Тешебаев туған ауылына жерленді. 19 жастағы марқұмның мәйітін әскерилер алып келді. Еділдің туыстарынан кешірім сұрады. Ата-анасы "Еділ өзіне қол жұмсады" дегенге сенбейді.