12 маусым күні Алматы қаласының іргесіндегі Талғар қаласында әкім сайлауы өтті. Дауыс беруге қала тұрғындарының 23,77 пайызы ғана қатысқан. Әкім қызметіне таласқан төрт үміткердің үгіт-насихаты 10 күнге ғана созылған. Тұрғындардың кейбірі сайлаудан бейхабар, үміткерлерді танымайды.