Астанада пәтер қымбат, ал кірпіш қалаушының еңбегі арзан
Нұр-Сұлтанда бір топ кірпіш қалаушы қызмет ақысын көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. "Жанұя" орталығына жиналған құрылысшылар тариф кейінгі 10 жылда өзгермегенін айтады. "Бір текше метр қаласаң, 8-10 мың теңге төлейді. Қымбатшылық қысқан қазіргі уақытта бұл ештеңеге жетпейді" дейді құрылысшылар.