Алматыда спорт мектебінің жабылуы қарсылық тудырды
Алматыдағы республикалық спорт мектебінің айналысындағы дау 5 айдан бері жалғасып жатыр. Спорт министрлігі мектепті жауып, орнына олимпиада спортшыларын дайындалатын орталық ашпақ. Наразы ата-аналар мен белсенділер мұның соңы мектеп аумағын жекешелендірумен бітуі мүмкін деп күдіктенеді.