Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қоғамды әрі-сәрі күйге түсірді. Қуана қабылдағандар да, бағдарламаның болашағына күмәнмен қарағандар да көп. Кейбір сарапшы Тоқаевтың бұл шешімін сайлау алдындағы популистік ұранға ұқсатады.