"Үтік басқанда талып қалдым". Қаңтарда "азапталғандар" полицейлерді жазалауды сұрайды
Талдықорғанда Қаңтар оқиғасында қамаудағы азаматтарды азаптады деген күдікпен 5 полицейдің соты жалғасты. Отырыста сөйлеген азамат та арқасына үтік басылғанын айтып, оған қатысы бар орган қызметкерлерінің түгел жазаға тартылуын сұрады. Бірақ ол "азаптаған полицейдің бәрі айыпталушылар тобында жоқ" деді. Судья істі қайта тергеуге жіберуі мүмкін