Accessibility links

Баткенде өртенген ғимараттың бірі. 16 қыркүйек 2022 жыл.
Баткенде өртенген ғимараттың бірі. 16 қыркүйек 2022 жыл.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс. Не болды?

16 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болып, екі тарап бір-бірін ауыр техника қолданды деп айыптады.

Қырғызстан жағы 59 адам қаза болғанын хабарлады. Тәжікстан билігі 32 адамның опат болғанын мәлімдеді.


14:19 16.9.2022

Қырғыз-тәжік шекарасында неге жанжал бола береді?

Совет Одағы 1991 жылы құлағалы бері Орталық Азиядағы кейбір мемлекеттер шекара мәселесін шеше алмай келеді. Әсіресе, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстанға ортақ Ферғана аңғары бойындағы аумақтың даулы тұстары көп. Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы ұзындығы – 970 шақырым. Қазірге дейін 504 километріне байланысты делимитация және демаркация жұмыстары жүргізілген. Ал шекараның келісілмеген тұстары сондағы елді мекендердегі су, жер және әлі анықталмаған шекараны кесіп өту мәселелері дауға жиі себеп болады. Даудың соңы жанжалға ұласып, тараптар бір-біріне қарудан оқ атады. Кейінгі уақытта екі тараптар арасында жанжал жиілеп кетті.

14:12 16.9.2022

Қырғыз-тәжік шекарасында не болып жатыр?

  • 16 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс күшейіп, екі тарап бір-бірін "ауыр қару-жарақ қолданды" деп айыптады.
  • Қырғыз шекарашылары тәжік солдаттары 16 қыркүйекте шекара маңында танкілер, бронотехника, миномет пайдаланды деп айыптады. Тәжікстан тарабы Қырғызстанды әскери бөлімшелерді және тәжіктің жеті ауылын "ауыр техникамен" атқылады деп мәлімдеді.
  • Тәжікстан билігі Исфара қаласында бір бейбіт тұрғын қаза тауып, үш адам жараланды деді. Қырғызстан тарабы Баткен облысында 18 адам жараланғанын айтады.

Екі тараптың мәлімдемесін дәл қазір тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG