Ресейде әскери мобилизациядан қашқан тұрғындар Қазақстанға өтіп жатыр. Ішкі істер министрлігі келушілер соңғы бірнеше күнде үш есе көбейгенін мәлімдеді. Орал қаласында жергілікті тұрғындар мен еріктілер ресейліктерге түнейтін орын ұсынып, азық-түлік апарып жәрдемдесіп жүр.