Ресейлік белсенділер Қазақстаннан экстрадициялап жібере ме деп алаңдайды
Ресей Украинаға басып кіріп, соғыс ашқанда және 21 қыркүйекте президент Владимир Путин әскери мобилизация жарияланғанда Қазақстанға мыңдаған ресейлік өткен. Оның арасында Кремль саясатын сынаушы қоғам белсенділері де, тәуелсіз журналистер де бар. Бірақ олар Қазақстанды қауіпсіз ел деп санамайды.