"Дәстүрлі садақ ату" федерациясын басқарған Азамат Оспановты туыстары босатуды сұрайды. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен қоғамда "Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің жанында болған. Кейін 21 сәуір күні ұсталып, қамауға алынған.