Алматыдағы "Желтоқсан ақиқаты" бірлестігінің ондаған мүшесі әлеуметтік талап айтып, қала әкімдігіне келді. Олар қала әкімі Ерболат Досаевтың ұйымдағы мұқтаждар мәселесіне көз жұмып келе жатқанын айтады. Олар бұл жолы да ішке кіре алмай, әкімдік дәлізінен қайтты.