Accessibility links

СІМ Мәсімов туралы БҰҰ жұмыс тобының үндеуі жөнінде: Саясиландырмай талқылауға дайынбыз


Кәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының жөнсіз ұстаулар жөніндегі жұмыс тобының ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті "бостандығынан жөн-жосықсыз айырғаны жөнінде" мәлімдемесіне реакция білдірді. Жұмыс тобы Қазақстан билігін "шұғыл бостандыққа шығаратын іс-шара қабылдауға" шақырған.

"Қазақстан жағы халықаралық практиканың барлық нормасын сақтай отырып, ұлттық заңнамаға сәйкес толық жауап береді. Мұндағы маңызды сәт – біздің қозғалған мәселені артық саясиландырмай нақты фактілерді келтіре отырып талқылауға дайындығымыз" деді министрлік өкілдері.

Ведомство сонымен бірге "аталған мәселе бойынша БҰҰ жұмыс тобымен өзара жұмыс нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіліп жатқанын" атап өтті.

БҰҰ жұмыс тобының қорытындысында Кәрім Мәсімовті бостандығынан айыру кезінде Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясының 3, 9, 10 және 11 баптары мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9, 14-баптарына қайшы іс-әрекет жасалғаны атап көрсетілген.

Жұмыс тобының есебінде Мәсімов ісі төңірегіндегі "құпиялық" та сөз болған: Мәсімовтің отбасына іс барысы туралы ақпарат берілмейді, кездесуге де рұқсат жоқ.

БҰҰ жұмыс тобы "Мәсімовті бостандығынан жөн-жосықсыз айыруға байланысты жағдайды толығымен және тәуелсіз зерттеуге" және "Мәсімовтің құқығын бұзушыларға шара қолдануға" шақырған. Жұмыс тобы "Мәсімовті шұғыл босатып, халықаралық құқық тәртібі бойынша өтемақы алу құқығын беруге" тиіс деп санайды.

57 жастағы Кәрім Мәсімовке "мемлекетке опасыздық жасады", "төңкеріс жасамақ болды", "жемқорлықпен шұғылданды" деген айыптар тағылған.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде ықпалды қызметтер атқарған Кәрім Мәсімов биыл кемінде 238 адам өлген Қаңтар оқиғасы кезінде, 5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығынан босатылып, қамауға алынған. Мәсімов пен оның үш орынбасарының үстінен қозғалған қылмыстық іс құпия жүргізіліп жатыр.

26 қазанда Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловтың қамау мерзімі 6 желтоқсанға дейін, Мәсімовтің тағы екі орынбасары – Дәулет Ерғожин – 13 желтоқсан, Марат Өсіповтікі 22 желтоқсанға дейін ұзартылғаны белгілі болды.

Мәсімовтің аса құпия ісі жабық күйінде қала ма?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:24 0:00

XS
SM
MD
LG