Сайлау алдында белсенділер ұсталып жатыр. Депутаттар не дейді?
20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында Қазақстанның бірнеше өңірінде азаматтық белсенділер ұсталды. Құқық қорғаушылардың есебінше, қазірдің өзінде шамамен 20-дан астам адам жауапқа тартылған. Олардың кейбіріне айыппұл салынса, кейбірі бірнеше күнге қамалған. "Қудалау адам құқығын шектеу емес пе?" деп мәжіліс депутаттарынан сұрадық.