Алматы іргесіндегі Заречный түрмесінде 55 күн ашығып, 20 келіден көп салмақ тастаған Ермек Нарымбаевтың жазасын сот жеңілдетпеді, бостандыққа шартпен шығуға да рұқсат бермеді. Сот Нарымбаев отырған камерадан SIM карта табылғанын, тәртіп бұзғанын айтқан. Адвокаты бұл айыппен келіспейді.