Белгілі журналист Михаил Козачков ұсталды. Тергеу құпиясы бұзылды ма?
Қаржы мониторингі агенттігі кеше зерттеуші журналист, "Время" газетінің тілшісі Михаил Козачковты ұстады. Агенттік журналист ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін жүзеге асыруға көмектесті деген күдіктенеді. Бірақ журналистер құқығын қорғайтын ұйым агенттік таратқан ақпаратта "кінәсіздік презиумпциясы" бұзылды дейді. "Время" газеті журналисті айыптайтын нақты дәлел жоғын айтады.