Қытайдан Қазақстанға келіп, бірнеше жыл тіркеусіз жүрген үш азамат депортациялаудан қауіптенеді. Олардың біріне 2010 жылы Қытайға қайтару туралы сот үкімі шыққан. Бірақ он жыл бойы бұдан бейхабар болған. Сыртқы істер министрлігі мәселені анықтаймыз деп жауап берді.