13 қаңтар түні журналист Динара Егеубаеваның көлігін әлдекімдер өртеп кеткен. Екі күннен соң полиция күдікті ретінде кәмлет жасына толмаған бес жасөспірімді ұстады. Журналист бұл оқиғаны қастандық деп есептейді және артында биліктің өзі тұр деп топшылайды.