23 қаңтарда Қырғызстан билігі Азаттық радиосының үстінен сотқа арыз түсірген. Шағымда Азаттық радиосы қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы видеоматериалды жоймағаны жазылған. Бұл айыппен Азаттықтың қырғыз қызметі де, медиа ұйымдар мен тәуелсіз журналистер де келіспейді.