"Ауыл" мәжіліс депутаттығына 34 адамды ұсынды. Арасында былтыр президент сайлауына түскен кандидаттар бар
Аты көп естіле бермейтін "Ауыл" партиясы да кезектен тыс съезін өткізіп, кандидаттарын анықтады. Олардың арасында былтырғы президент сайлауына қатысқан кандидаттар –Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден де бар. "Ауылдықтар" Ақорда саясатын қолдап, Қаңтарды көп қаузамау керек деп есептейді.