Жақында әлеуметтік желілерде "Байқоңыр тұрғындарын соғысқа шақырып жатыр" деген ақпарат тарады. Ол үшін сыйақы да қарастырылғаны айтылды. Ресей билігі Байқоңыр тұрғындарын Украинадағы соғысқа тартпақшы ма? Бұл жаңалықтың Қазақстан азаматтарына қаншалықты қатысы бар?