Ақтөбедегі тергеу изоляторында қамауда отырған кемі сегіз адам туыстары арқылы Азаттыққа видео жолдады. Олар мекеме іші суық екенін, көгерген камерада 11 адам отырғанын айтып шағынды. "Медициналық көмек те берілмейді" дейді. Мекеме басшысы мұны жоққа шығарады.