Қашқан Күдебаев, қымбаттаған жанармай – 3 сәуір┃AzatNEWS
Қаңтар оқиғасына байланысты істі болып жатқан полиция генералы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды. Судья ол Қырғызстан арқылы Түркияға қашып кеткен деп мәлімдеді. || Алматыда дизель, Шымкентте газ тапшылығы байқалды. Мәселені шешудің жолы жанар-жағармай бағасын өсіру деген энергетика министрі оны қымбаттату туралы бұйрық шығаратын болды. || Каспий жағалауындағы қамыс өртеніп, Атырауды түтін басты. Тұрғындар тыныс алу қиындағанын айтады. || Қазақстан үкіметі құрамында өзгеріс бар. Президент әкімшілігін басқарған Мұрат Нұртілеу елдің сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол босатқан орынға жемқорлықпен күрес агенттігін басқарған Олжас Бектенов отырды.