Қазақстанның бірнеше қаласында мәжіліс пен мәслихатқа өтпеген кандидаттар митингіге рұқсат ала алмады. Жергілікті билік өкілдері "тап сол күндері алаң бос емес" деген уәж айтқан. Белсенділер "Халық әділетсіз сайлау мен бұрмалауға қарсы" деген талаппен наразылық білдірмек болған.