9 сәуірде "әділетсіз сайлауға қарсы" наразылықтың ең ірісі Алматыда өтті. Оралда бейбіт жиынға бармақшы болған кемі бір белсенді ұсталды. Алматыда рұқсат етілмеген митингіні полиция мен әкімдік өкілдері екі сағат сырттан бақылады. Жиналғандар бейбіт тарқады.