Астанаға барып, үкіметтен тұрақты жұмыс талап еткен жаңаөзендік мұнайшыларды қаралап жатқан жазба көбейді. Олар наразылар талабын орынсыз деп, мұнайшылардың өзін "жақсы жалақыдан бас тартқан тойымсыздар" етіп көрсетеді. Кейбір блогер мұндай жазбаны тапсырыспен жазғанын мойындады.