Алматыда сайлау нәтижесін жоюды талап еткен митинг кезінде алаңда өлең оқыған белсенді Бауыржан Әтінбаевқа сот 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 172 мың теңге айыппұл салды. Құрылыста істеп, билікке қарсы өлеңдер жазып жүрген ақын — әкімдік рұқсат етпеген митингіден соң жауапқа тартылған оныншы адам.