Маңғыстаудың әкімі Нұрлан Ноғаев тарихта қалай қалды?
Жаңаөзен мұнайшылары акцияға шыққанда, Маңғыстау әкімі Нұрлан Ноғаев үндеу жасады. Әкімдер арасында Ноғаевтан көп үндеу жасаған ешкім жоқ. Қаңтар оқиғасы басталарда Жаңаөзенге де әуелі Ноғаев барған. 2016 жылы Атырауда жер митингісі басталғанда, Ноғаев барып, ешкім қудаланбайды деп уәде берген.