Өскемен жылу электр орталығында вагон тіркеуші болып жұмыс істейтін Ержан Сапарғалиев екі ай бұрын оң аяғынан айырылып қалды. Вагондар соқтығысқанда, аяғы тізеден төмен қиылып кеткен. Еңбек комиссиясы өндірістік жарақатқа жұмысшының өзін кінәлі деп тапқан. Сапарғалиев бұған келіспейді.