Ресейлік "Росатом" Түркістан облысындағы уран кенішін "бақылауына алды"
Ресейлік "Росатом" корпорациясы Қазақстандағы Степногорск тау-химия комбинатының акционерлер құрамына кіргені белгілі болды. Бұл туралы Қазатомпром компаниясының сайтында жарияланған жылдық есепте көрсетілген. Келісім-шарттың жай-жапсарын анықтау мүмкін болмады. Сарапшы "бұл Қазақстанда Ресейдің уран өндірісіндегі ықпалы одан әрі күшейтіп жатқанын көрсетеді" дейді.