Алматыда «Үшқоңыр», «Весновка» тұрғын үй кешендерінен үй алуға алдын-ала ақша салған ондаған адам құрылыс компаниясы үйдің құнын уағдаласқан бағадан екі есеге жуық қымбаттатып жіберді деп наразы. Олардың шағымына байланысты қазір қылмыстық іс жүріп жатыр. Компания өкілдерінің журналистермен сөйлескісі жоқ.