Құқық қорғаушылар "Ескертусіз қасақана оқ ату" деп аталатын есепті жариялады
Алматыда құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасы туралы "Ескертусіз қасақана оқ ату" деп аталатын есепті жариялады. Есепте дүрбелеңде қаза тапқан, жараланған, ұсталып азапталған адамдар туралы баяндалған. Құқық қорғаушылар "ескертусіз оқ атуға жеткілікті негіз болмаған" деген қорытындыға келген.