Украинадағы жарылыс, Алматыдағы аштық
Украинада су электр станциясы жарылып, мыңдаған тұрғын көшіріліп жатыр. 100-ге жуық елді мекенге су кірген. Днепр өзенінің жоғары жағында орналасқан атом электр станциясына да қауіп төнуі мүмкін екені айтылды. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы абақтысында қаза тапқан Жасұлан Анафияевтың өліміне байланысты қозғалған іс аяқталуға жақын. Күдікті жеті полицей айыпты мойындамайды. Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі қамаудағы баласын босатуды талап етіп, аштық жариялады. Ұлы аштықты тоқтатуын өтініп, әкесіне абақтыдан хат жолдады.