Accessibility links

Абай облысындағы орман өрті: қаза болғандар 14 адамға жетті


Абай облысындағы орман өрті. Төтенше жағдайлар министрлігінің суреті.
Абай облысындағы орман өрті. Төтенше жағдайлар министрлігінің суреті.

Абай облысында тағы 11 адамның денесі табылды деп хабарлады өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб. Қаза болғандардың аты-жөні анықталып жатыр.

Бұған дейін үш орманшының денесі табылғаны хабарланған. Осылайша, қаза болғандар саны 14-ке жеткен.

Бір күн бұрын билік 14 орманшымен байланыс үзілгенін, үшеуі қаза болғанын хабарлаған.

Абай облысында орман өртеніп жатқанына бірнеше күн болды. Өрт ауданы 60 мың гектардан асты деп айтылады.

Қазір тоғыз аумақта өрт сөндіріліп жатыр. Өртті сөндіруге әскерилермен бірге барлығы 1000-нан астам адам атсалысып жатыр. Бұған дейін Абай облысының әкімдігі "өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланғанын, жағдай тұрақтала бастағанын" хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG