Қазақстан экология министрлігі "Семей орманы" резерватындағы өрт кезінде қаза болған орманшылардың аты-жөнін жариялады. Орман шаруашылығы комитеті қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Экология министрлігінің айтуынша, өз аумағындағы өртті сөндіруге шыққан 14 орманшымен 9 маусымда байланыс үзілген. Ізінше құтқару-іздеу жұмыстары басталған.
Өрт кезінде қаза болғандар:
- Мейрамгүл Құсайынқызы Жиенбаева– "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің Успен орманшылығының басшысы;
- Серікжан Бақытбекұлы Тоқтасын – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері.
- Амангелді Сыпатайұлы Дүйсембаев – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің жүргізушісі;
- Алексей Григорьевич Губаев – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің Успен орманшылығының шебері;
- Максим Владимирович Фоминых – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы – аумақты қорғау жөніндегі инспекторы;
- Саят Нұржанұлы Нұржігітов – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы – аумақты қорғау жөніндегі инспекторы;
- Константин Сергеевич Начинёнов – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы – аумақты қорғау жөніндегі инспекторы;
- Александр Викторович Сидорин – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы – аумақты қорғау жөніндегі инспекторы;
- Виктор Александрович Сидорин – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы – аумақты қорғау жөніндегі инспекторы;
- Николай Иванович Пузырев – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің орталық орманшылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі;
- Сергей Николаевич Пузырев – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің орталық орманшылының өрт сөндірушісі;
- Александр Викторович Дарибаев – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің Жернов орманшылығының машинист-трактористі;
- Петр Александрович Гражданкин – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің Успен орманшылығының өрт сөндірушісі;
- Даниил Евгеньевич Ганьшин – "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына" қарасты Жаңа Шүлбі бөлімшесінің орталық орманшылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі.
Полиция "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" (292-бап, 3-бөлік) бабы бойынша тергеу амалдарын бастаған.
Өрт аумағы 60 мың гектардан асқан. Мамандар өртті сөндіруге аптап ыстық пен жел, құмды жер мен өрт ошағына кірудің қиындығы бөгет жасап жатқанын айтқан.
11 маусым таңертеңгі ақпарат бойынша, қазір өрт 5 аумақта сөндіріліп жатыр. Өрт сөндіруге төтенше жағдай министрлігі, орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқару органдары және қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылған. Өрт басталғалы бері әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 000 жуық тонна су төгілген.
Сенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Юрий Ильинді төтенше жағдай министрі қызметінен босатып, оның орнына Сырым Шәріпхановты тағайындаған.