15 миллионға сатылған мектеп имамның меншігіне қалай өтті?
Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында оқушылар жаңа мектепке көшіріліп, ескі мектеп ғимараты сатылып кеткен. Содан бері меншік иесі бірнеше рет ауысқан мүлік ақырында дін өкілінің қолына өткен. Азаттық мектеп қалай, неліктен сатылғанын, алған адамдарды не байланыстыратынын анықтап көрді.