Ресейлік әнші Григорий Лепстің Қонаев қаласында жоспарланған концерті өтпейтін болды. Бұл туралы әншімен келісімшарт жасасқан компания хабарлады. Лепстің Ресей басқыншылығын ашық қолдайтын адам екенін айтқан қоғам белсенділері оның Қазақстанға келуіне қарсылық білдірген.