Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кірген көліктерді жеңілдетілген тәртіппен тіркеуге тапсырма берген. Бұл процесс биыл 1 шілде күні аяқталады. Алайда Алматы тұрғындары қыркүйектен кейін кірген машиналарға да сондай жеңілдік жасауды сұрайды.