Астананың "Үнді кварталындағы" сусыз, жарықсыз тірлік
Астанадағы жұрт "Үнді кварталы" деп атайтын маңда жүздеген адам жылдар бойы көмір жағып, су тасып күн көріп жатыр. Кәрізге қосылмаған үйлер жуынды-шайындыны көшедегі арыққа төгеді. Әкімдік ескі үйлерді күреп, халықты басқа жаққа көшіретінін айтқан. Бірақ ол қай кезде іске асатыны белгісіз.