Сотта "халық террорист емес" деп плакат көтерген белсенді 15 тәулікке қамалды
Алматыда белсенді Бесжан Төлеубекұлы 15 тәулікке қамалды. Ол үш күн бұрын, 11 шілде "Әуежайды басып алу" ісі бойынша өткен сотқа барып, жұртты сотталушыларды қолдауға шақырған. Судья Руслан Жамалбек оны осы әрекеті үшін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп таныды. Адвокаты бұған келіспейді.