АҚШ "Ресейге көмектескен" қырғыздың төрт компаниясына санкция салды
АҚШ Ресейге дрон тасымалдаған Қырғызстанның төрт компаниясына санкция салды. Бішкек "бұл компанияларға қырғыз билігінің қатысы жоқ" деп мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ Қазақстан билігіне де екі мақсаттағы тауардарды Ресейге жөнелтпеуге шақырып, ескерту жасаған. Астана реэкспорт фактілерін бақылап, оған шектеу қоятынын бірнеше рет мәлімдеді. Бірақ Ресейдегі әскери компанияларға көмектесіп отырған заңды тұлғаларға қандай да бір шара қолданылғаны жайлы ресми хабарланбады.