Шешесі "маса улайды", өзі "аң аулайды". Шығыстағы миллионер әкім
Шығыс Қазақстан облысы Боран ауылының халқы жаз бойы қалың киініп, бетін тормен тұмшалап жүреді. Жергілікті билік масаны улауға жыл сайын миллиондаған қаржы бөледі. Азаттық кейінгі 4 жылда дезинсекция тендерін бір компания алып келе жатқанын, оның иесі өңірдегі ықпалды адамның туысы екенін анықтады.