Саяси тұтқын, белсенді Ермек Нарымбаев бір жарым жылдан кейін жазасы жеңілдеп, бостандыққа шықты. Бүгін, 31 шілдеде оны жақтастары Заречный кентіндегі ЛА155/14 түзеу мекемесінен күтіп алмақ болғанымен, түрме қызметкерлері таңертең белсендіні үйіне әкеп тастағаны белгілі болды.