Accessibility links

Қарағанды облысында балалар уланды. Бір бала көз жұмды, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр


crime lab analysis лаборатория анализ криминалистика
crime lab analysis лаборатория анализ криминалистика

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы 12 бала белгісіз заттан уланып ауруханаға түскен. Бір бала ауруханада көз жұмды, алты бала жансақтау бөліміне жатқызылған. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Биліктің мәліметінше, 30 шілдеде екі бала өзін жайсыз сезініп, құсып, іші өткен. Ертеңіне тағы 10 бала осындай күйге түскен. Бәрі ауруханаға жатқызылған. "Дәрігерлер бар күш-жігерін салса да, сәбидің бірін құтқара алмады" дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.


Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 12 баланың да уланғанын, бірақ әзірге неден уланғаны белгісіз екенін айтты.

Әкімдік директордың міндетін атқарушы қызметінен шеттетілгенін, арнаулы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Қылмыстық іс қозғалған.
Басқарма мәліметінше, балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 160 аса бала тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG