Ақтөбеде футбол фанаттары жергілікті клубтың жаңа басшысы Сергей Куленконың қызметтен кетуін талап етіп жатыр. "13-сектор" жанкүйерлер қозғалысы бұған дейінгі матчтарда "Куленко, аут!" деп айқайласа, таяуда ойындарға мүлде бармайтынын мәлімдеп, бойкот жариялады.