Фархат полицияға оқ атты ма? Қызылордада сотталған марқұмның ісі
29 жастағы қызылордалық Фархат Омаров Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан. Оның қазасы бойынша ешкім жазаланбады. Есесіне қалалық сот марқұмның өзін полицияға "оқ атты" деп соттады. Омаровтың туыстары "оған тағылған айыптар қолдан жасалған, куәгерлерден қысыммен жалған түсінік алынған" дейді.