Тоқаевтың сапары, түрмедегі азаптау, тартылған Арал
Атбасардағы колонияда отырған азаматтық белсенді Тимур Дәнебаевты азаптау оқииғасына байланысты "он шақты адам қызметтен шеттетілді" деді ІІМ жанындағы қоғамдық комиссия мүшесі. Ресми органдар үнсіз. Алматы облысындағы СДУ университетінің студенттері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ықтимал сапары қарсаңында оқу орны ғимаратына тізіммен ғана кірді. Ақпаратты білмекке барған Азаттық тілшісін де күзетшілер күштеп сыртқа шығарды. Жамбыл облысында диқандар егінге су жетпеуіне байланысты шығынға батып жатыр. Ал Қызылорда облысында балықшылар Кіші Арал теңізінің тартылып бара жатқанын айтады.