Маңғыстау облысында шенеунік сөзіне шамданған бірнеше ауыл дүрлікті
Маңғыстау облысында 15 қыркүйекке қараған түні бірнеше ауыл дүрлікті. Оған жергілікті шенеуніктің жұмыс сұрап жүрген азаматтарды айыптай сөйлеген сөзі себеп болды. Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Санат Төкенов әлеуметтік желіде аудандағы жұмыссыздар жайлы «өзіне тиіселі емес жұмыс квотасына таласып, 900 мың теңгеге таяу жалақы сұрап отыр» деген.